Оның барысында ірі көлемдегі есірткі заттары тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен дәстүрлі брифинг барысында мәлім болды.
«Атап айтқанда, «Тәтті-Құрағатты» бекетінен 3655 шақырым жерде Оңтүстік Қазақстан облысының 55 жастағы тұрғыны құрықталды. Ұсталған азаматтан дайындалған салмағы 690 келі «марихуана» есірткі заты тәркіленді. Өткізілген іс-шаралар барысында сол күні аталмыш аралықтың 3657 шақырымында есірткі қылмысы үшін бұрын сотталған Тараз қаласының 54 жастағы тағы бір тұрғыны ұсталды. Одан 410 келі марихуана тәркіленген», - дейді ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз. Сонымен қатар, желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Боралдай - Алматы-1» бекетінің аралығындағы 351 шақырымда Алматы қаласының 48 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Ол азаматтан 24 келі марихуана тәркіленген.