«Өткен түні шекарашылар арнайы үйретілген Мая атты қызметтік иттің көмегімен «Вольво» жүк көлігімен елімізден Ресейге жол тартқан 49 жастағы қазақстандықты ұстады. Азаматты жеке алып шығып, тексеру барысында оның құжаттар салынған папкасынан қою-жасыл түсті, иісі көкнәр ұрықтарына ұқсайтын, өсімдік текті түйіршіктермен жапсырыла көмкерілген 100 теңгелік монеталар табылды» делінген хабарламада.
Ұсталған азамат айғақ затымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.