Айта кетейік, сенатор Рысқали Әбдікеров Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын арнайы қойма салуға кәсіпкерлерді ынталандыру үшін инвестициялық субсидия мен жеңілдетілген несие беруді ұсынған болатын.
«Көкөністерді сақтау сыйымдылығын арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту бойынша кешенді жоспар әзірледі. Жоспарда жыл бойынша бөлінген ауыл шаруашылығы өнімдерінің қоймаларын салуға қатысты әрбір өңір үшін нақты индикаторларды айқындау көзделген», - деді Премьер-Министр.
Бұдан басқа оның атап өтуінше, жоспарда өңірлердің қолданыстағы қоймаларды жаңғырту және оларды заманауи сақтау инфрақұрылымымен жабдықтандыру жөніндегі жұмыс жоспарланған.
«Қоймаларды құруға және жаңғыртуға инвестицияларды ынталандыру мақсатында жоспарда өнімнің тауарлық қасиеттерін сақтай отырып, оның ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдығы бар қазіргі заманғы қоймаларды салу кезінде субсидиялау нормативін 25 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайту бөлігінде инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу көзделеді», - деді Әлихан Смайылов.