Дереккөздің ақпаратына қарағанда, 17 қыркүйекте қойма аумағына Новгород облысының нөмірі бар тіркемелі IVECO жүк көлігі кіріп, оған жеміс салынған 1080 қорап тиелген. Бұдан соң асықпай белгісіз бағытқа тартып отырған.
Ұрлық бұдан бірнеше апта бұрын жасалғанына қарамастан полицияға жеміс иесінен өтініш тек 9 қазанда түскен. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, келтірілген шығын көлемі 1,3 млн. рубльге жуық, деп хабарлайды piter.tv.