деп хабарлайды британдық басылымдар.
Кокос жаңғақтарын жинаушылардың көпшілігі кеңседе отырып істейтін абыройлы, жаңа жұмыс іздеп кеткеннен кейін, осындай жаңа өнертабысқа деген қажеттілік туындап отыр. Елдің оңтүстігіндегі Керала штатының өнеркәсіптік департаменті «жерде тұрып кокос жинаудың инновациялық идеясы үшін» конкурс жариялап отыр. Өнеркәсіп министрі Эламарам Кәрімнің айтуынша, жаңа құрал, кез-келген адам жұмыс істей алатындай қарапайым болуы шарт.
Керала штаты әрбір үнділік атадан қалған кәсіппен айналысуы керек деген ежелгі касталық дәстүрлерден бас тартқан тәуелсіз штатқа айналғаннан кейін, жаңғақ жинаушы кәсібінің беделі түсіп отыр. Бүгінде штат тұрғындары ағашқа өрмелеп, кокос жинағаннан гөрі, кеңседе отырып жұмыс істегенді қалайды.