"381 адам, оның ішінде 19 бала құтқарылды. Қар құрсауында қалған барлық машина тексерілді. Одардың ішінде адамдар жоқ. Барлығы құтқарылып, жылыту пункттерінде орналастырылған. Ертең таңертең жолды тазарту және техниканы қар үйінділерінен шығару жұмыстары жалғастырылады" делінген хабарламада.
Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖ режимі енгізілгенін хабарлаған едік.