Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 52 жолаушы мінген автобус елсіз далада бұзылған.
Жолаушылар Еңбекшіқазақ ауданы Нұра стансасынан 25 шақырым жердегі Көкпекті асуында, Боғаты тауында қалып қойған.
Оларды құтқаруға департаменттен 3 қызметкер және бір техника көмекке келді.
Автобус жолаушыларының бәрі - Алматы қаласының тұрғындары.
Туристер Нұра стансасына жеткізілді. Әрі қарай жолай кездескен көліктермен өз бетінше діттеген жеріне аттанып кетті.