Бұл науқанды облыстың Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандарының егіншілері толығымен бітірді.
- Қалған аудандар мен Қызылорда қаласына қарасты шаруашылықтарда күріш егісі бірер күнде аяқталып қалады, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім меңгерушісі Шәкірбай Оралбаев. - Биылғы егіс барысында аса қиындық туғызатын жағдайлар орын алған жоқ. Науқан биыл өткен жылғыға қарағанда, ертерек біткелі тұр. Қазір егістікке жеткізіліп тұрған су да мол. Мұнда Көксарай су реттегішінің жасап отырған көмегі өте көп. Ол жазда судың азайып кетпеуіне себеп болып келеді.
Жергілікті диқандар биыл да күріштің «Маржан», «Лидер», «Кубань», «Янтарь», «Рапан», «Гарант» деген сұрыптарын екті.