Көкшетау, Алматы, Астана қалаларында ауа сапасы төмендейді

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.  

— 2025 жылғы 13 мамырда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Көкшетау, Алматы, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетелік синоптиктер 13 мамыр, сейсенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялаған еді.