Әуе кемесінің апатқа ұшырауына байланысты жиынды 1 минуттық үнсіздікпен ашқан Е. Орынбаевтың айтуынша, Үкімет басшысы С. Ахметов үкіметтік комиссия жұмысымен айналысуда. Сол себепті ведомствоның алқа мәжілісіне келе алмады.
15:43, 29 Қаңтар 2013
Көкшетау-Алматы бағытында қатынайтын ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты үкіметтік комиссия құрылды
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Көкшетау-Алматы бағытында қатынайтын ұшақтың апатқа ұшырауына байланысты үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев айтты.