Шеберлік сыныбына Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының роботтандырылған хирургия орталығының басшысы, жоғары санатты уролог дәрігер Бақтияр Қасымов Астанадан арнайы келіп қатысты. Он төрт жылдан астам еңбек тәжірибесі бар дәрігер ақмолалық әріптестеріне урология саласында операция жасаудың диімді әдістерін көрсетті.
«Дәрігерлер үнемі шеберліктерін шыңдауы керек, өз дағдыларын жетілдіре отырып, жақсылардан үйренуі керек. Біз әр науқасқа оның ерекшеліктерін ескере отырып, жеке-жеке қарауға тырысамыз. Шеберлік сыныбының біздің жұмысымыздың одан әрі жетілуіне септігін тигізетіні сөзсіз», - деді Валерий Гагиев.
«Зәр ұстамау мәселесі 11 жыл бұрын, ұлым дүниеге келгеннен кейін басталды, бастапқыда мен бұл уақытша құбылыс деп ойладым. Алайда, дерт уақыт өткен сайын күшейіп, жағдайым қиындай түсті. Неше түрлі ем қолданып та көрдім, одан еш нәтиже болмады. Осы қалалық ауруханада мықты урологтар ота жасайтынын естіп, әдейі жазылдым. Валерий Валериевичте маған мұндай дертті емдеуде кешіктіруге болмайтынын айтты. Осы отаға келіскеніме еш өкінбеймін. Көңіл-күйім тамаша. Жүздері жылы, қолдары жеңіл урологтар – Қайырлы Құлмағамбетов пен Валерий Гагиевке, сондай-ақ, гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Уахитоваға, анестезиолог Рүстем Тәженовке және хирургия бөлімшесінің барлық медициналық персоналына шынайы алғысымды білдіремін», – дейді қала тұрғыны.
Айта кетсек, бұдан бұрын ақмолалықтарды оңалту шаралары қалай жүзеге асырылып отырғандығын жазған еді.