Көкшетау қаласы әкімінің міндетін уақытша Гүлмира Шұқатова атқарады

Фото: econom-kokshetau.akmo.gov.kz

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетау қаласы әкімінің міндетін уақытша Гүлмира Шұқатова атқаратын болды.

«Осы жылдың 20 тамызында Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды. Әкімнің міндетін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады», - деді Ақмола облысы әкімі баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен кеткенін жазған едік. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сондай-ақ Зина Ақылбекованың Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.