Көкшетау қаласындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды
КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетау қаласындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Көкшетаулықтарға көмекке келген Жамбыл облысы ТЖД-нің құтқарушылары су тасқынының алдын алу үшін Атбасар қаласына аттанды.
Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақталғанына қармастан жедел штаб жұмысын әлі де жалғастыруда. Қылшақты өзенінің деңгейін бақылау үшін алты жерде өлшеуіш құрылғылар орнатылған.
«Көшелер мен жолдың шетіндегі еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. Көкшетаулық құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жоғары дайындық режимінде. Жамбыл облысы ТЖД келген құтқарушылар тобы Атбасар қаласына су тасқынының алдын алу үшін аттанды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Көкшетаудағы су тасқынымен күресуге жамбылдық құтқарушылар көмектесіп жатқандығын жазған едік.