Көкшетау қаласынан шығатын барлық бағыттарға көлік қозғалысы шектелді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жылдамдығы 20 м/с желдің боранға ұласуы салдарынан Көкшетау қаласынан шығатын барлық бағыттарға көлік қозғалысы шектелді.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, ақпанның 13 күні кешкі сағат 19:30-ден бастап Көкшетау қаласынан шығатын барлық бағыттарға көлік қозғалысы шектелді.

Атап айтқанда, бұл аумақтағы жылдамдығы 20 м/с желдің боранға ұласуы салдарынан және жолдың көрінуінің нашарлауы көлік қозғалысын қиындатып отыр, сондықтан автокөліктің барлық түрлері үшін жолдағы қозғалысқа тыйым салынды.