Көкшетау қаласында жыл басынан бері 57 211 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Мәжілісте Көкшетау қаласының 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылды. Бұл жөнінде экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлмира Шукатова баяндап берді.
Оның айтуынша, аталған есептік кезеңде өнеркәсіптік саласында барлығы 34724,8 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген. Осының арқасында ішкі жекелей индекс көлемі 102 пайызды құрады.
«Өндіріс көлемінің артуына өнеркәсіп саласының үлесі 62,9 пайызды құрайды. Оның ішінде азық-түлік өнімі 25,5 пайыз, сусын 24,6 пайыз, машина құрылысы 23,6 пайыз болды. Бұл салада өнім көлемі 21 857,6 миллион теңгеге жетті», - дейді бөлім басшысы.
Сонымен қатар 2944,0 миллион теңгенің сүті өндірілді. Ағымдағы жылдың наурыз айында «Синегорья сүт» КСЗ» ЖШС-де 7 желі іске қосылған. Ал ұн және нан, сусын және металл емес минералды өнім өндірісінің төмендегені байқалады.
«Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғын үй құрылысы саласында қала бойынша барлығы 57 211 шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 223,7 пайызды құрады», - деп сөзін қорытындылады Гүлмира Шукатова.
Шара барысында өзге салалар бойынша да мамандардың есептері тыңдалып, қала әкімі тарапынан бюджет қаражатын толық игеру, мемлекеттік сатып алу бойынша байқау мерзімін сақтау және салық қызметі мен кәсіпкерлік бөліміне бюджет түсімін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.