Көкшетау қаласында жыл ішінде 1 200 адам жұмысқа орналастырылды

None
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласында ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айында 1 788 жаңа жұмыс орны ашылып 1 200 адам жұмысқа орналастырылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақыт аралығында 286 адам қоғамдық жұмыстарға тартылып, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына сәйкес 339 жеткіншек  іс-тәжірибеден өтті. Сонымен бірге 326 жоғары және арнаулы оқу орнын бітіруші тұрақты жұмыспен қамтылды. Жыл ішінде жұмыссыздар қатарында есепке алынған 508 адамның 448-і  әлеуметтік жұмысқа орналастырылған. Ал 106 адамға басқа мамандықтарды меңгерулеріне мүмкіндік жасалған көрінеді. Бұл ретте  67 кәсіпорын мен мекеменің қатысуымен 4 «Бос орын» жәрмеңкесі өткізіліп, 288 өтініш білдірушінің жартысы жұмысқа қабылданды.