«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» автожолын жұмыстары биыл аяқталады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омск)» автожолын жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқталады, деп хабарлайды «Қазавтожол» компаниясы.

Компания таратқан мәліметтерге қарағанда, республикалық маңызы бар тасжолды жөндеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында жүргізілуде. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омск)» автожолының 25 шақырым учаскесі орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылған.

«АрмСтрой» ЖШС 131-156 шақырым аралығында жол теліміне жаңа материалдар қосу арқылы жол табанын орнатуда және асфальт-бетон қоспадан тегістеуші қабатты төсеуде.

Жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары ресайклинг технологиясы арқылы жүргізілді. Республикалық маңыздағы «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы (Омск)» автожолы ІІІ техникалық санатқа сәйкес. Бұл жолмен тәулігіне 1 895-ке жуық автокөлік жүріп өтеді. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың күзінде толық аяқталады.


Соңғы жаңалықтар