Көкшетау қаласындағы "Сарыарқа" шағын ауданындағы көпқабаты тұрғын үйлердің ауласында жайылып жүрген бір табын сиыр тұрғындарды таңғалдырып отыр.
Публикация от КОКШЕТАУ КЗ ЛЮДИ НОВОСТИ (@kokshevideogram) 20 Авг 2018 в 10:57 PDT
Желі қолданушыларының бірі малшы жаңбырдан үйіне жылынуға кетті деп əзілдесе, енді бірі сиырлар нөсер жаңбырдан бағытынан адасты деп санайды. Тіпті, кейбір адамдар бұл бірінші жағдай емес, осыған дейін жылқылар да қаланың ішінде "қыдырып" жүргенін еске салуда.