Көкшетау күніне тарту: 195 пәтердің кілті тапсырылды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жаңа 195 пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетау қаласының 195-жылдығына арналған облыс орталығындағы Абылайхан алаңында «Көкшетау – бақытты отбасы мекені» тақырыбымен өткен шараға Ақмолаоблысы әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, тұрғындарға жаңа пәтер кілтін тапсырды.

Аталған тұрғын үй мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салыныпотыр. Көпқабатты жаңа тұрғын үйден баспаналы болып отырғандар арасындакөпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, жетімдер бар.


«Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Отанға деген сүйіспеншілікотбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздыңбақуатты да табысты болашағының кепілі» деп атап өтті. Бүгінгі «Көкшетау -бақытты отбасы мекені» атты іс-шарамыздың басты мақсаты да осы ұлағаттысөздерде жатыр. Осы тамаша күнде қуанышқа қоныс ұласып, шаңырақтарыңызға бақ –береке әкелсін», - деді Ермек Маржықпаев жаңа пәтер иелерін құттықтау сөзінде.


Аймақ басшысы атап өткендей, Көкшетау қаласының 195 жылдығына орай жылбасынан бері әртүрлі форматта барлығы 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылғанекен. Соның біразы бүгін қала күні жүзеге асырылды. Оның ішінде бүгін таңертеңқаланың мерейтойына тарту ретінде «Көкше CITY» серіктестігінде өндірістік жаңацехы мен «Балапан» бағдарламасы бойынша«Зерек» балабақшасы ашылды. Шараға қатысқан аймақ басшысы Көкшетау қаласыбойынша алдағы уақытта да балабақшалар мен жаңа мектептер құрылысы кең көлемдежүргізілетінін айтты.


«Көкшетау» мәдениет сарайының алаңында «Қазақстанның үздік тауарлары»аумақтық көрме жәрмеңкесі қала жұртшылығына көтеріңкі көңіл-күй сыйласа,«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты салтанатты шарада көпбалалы аналар «Алтыналқа» және «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталса, облыс орталығының дамуынаелеулі үлес қосқан азаматтарға «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағыберілді.

Ал, «Құлагер» атшабарында ұлттық спорт ойындары, атжарыс тартысты. Еңқызығы «Құрақ көрпе – Fest» шарасы жұртшылықтың зор ынтасын туғызды. Ұзындығы16 шақырым болатын көкшетаулық шеберлер жасаған құрақ көрпе мен осы көрпелерденжасалған 34 метр шеңбер «Гиннестердің рекордтар» кітабына енді. Енді міне,көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға жаңа 195 пәтердің кілтітапсырылып отыр.

Айта кетейік, бүгінгі күні Көкшетау қаласында 2 мыңнан астам көпбалалыотбасы болса, оның 400-ге жуығы пәтер кезегінде тұр. Сондықтан, биылғы жылыбарлығы 470 пәтер кілтін тапсыру жоспарланған. Оның біразы Тұрғын үй құрылысжинақ банкі арқылы шешімін таппақшы


Соңғы жаңалықтар