«Көкшетау маңындағы Қызылжар ауылынан екі шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыстар бықсып жанып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, аумағы 200 шаршы метрді құрайды. Жасалған шаралардың арқасында сағат 22.50-де өрттің таралуы тоқтатылды. Ауыздықтау жұмыстарына облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың 31 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Полигонның жалпы аумағы 30 гектар», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
01:34, 22 Сәуір 2020
Көкшетау маңында қоқыс полигонынан өрт шықты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.