Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау-Рузаевка» тас жолының 4 шақырымында болған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жылқының жолдың үстінде жайылғанын, «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгере алмағанын анықтады. Жол апатынан жылқы өліп, ал көлікке біраз зақым келген. Көлік жүргізушісі рульде сау болған. Оның денсаулығын зиян келген жоқ.
«Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Егер мал иесі кінәлі болса, онда ол ҚР ӘҚбК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылады», - деп түсіндірді ведомстводан.