Көкшетау-Рузаев күрежолы бойында жүргізушінің мәйіті табылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Өткен сенбі күні кешкілік Ақмола облысы аумағындағы Көкшетау-Рузаев күрежолы бойында "МАН" жүк көлігінің жанынан жүргізушінің мәйіті табылды.

Алматы облысынан жолға шыққан 1964 жылы туылған жүргізуші жүрегі қысылып, жол шетіне тоқтаған болуы керек. Жаны қысылғаны турасында хабарласып үлгермеген сыңайлы. Облыстық жол полициясы басқармасынан алынған деректер бойынша жол үстінде өмірден озған жүргізушінің мәйіті медициналық сараптамаға жіберілген. Көлігі облыс орталығында автотұраққа қойылды. Қазір тергеу амалдары қолға алынған.