КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 29 жастағы көкшетаулық оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы маусымның 19-ында кешкі сағат 20:45-те «Көкшетау- Рузаевка» автожолының 17 шақырымда орын алған.
«Анықталғандай, «Фольцваген пассат» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «МАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі — 29 жастағы көкшетаулық оқиға орнында көз жұмды», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі кезде, оқиғаның мәні-жайы анықталуда.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.