Мекеме басшысы Бақытжан Ахметовтың айтуынша, бүгінде қала аумағында 327 шақырым су құбыры, 270 шақырым кәріздік желі, 270 суағардың жұмысы бірқалыпқа келтірілген.
Өткен жыл ішінде Қызыл жар, Көкшетау-П, қала шетіндегі станса аумағында су құбырлары жаңартылып, жаңа суағарлар орнатылған. Жыл ішінде түскен пайда 50 пайызға артып, соның есебінен арнайы техникалық жабдықтар сатып алынып, озық технологиялық қондырғылармен қамтамасыз етілді.
09:50, 20 Қаңтар 2011
«Көкшетау су арнасы» өткен жылда барлық борыштарынан арылып, жаңа жылды табыспен бастады - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Көкшетау су арнасы» мемлекеттік мекеме ұжымы өткен жылдарда қордаланып қалған борыштарынан арылып, жаңа жылды қомақты табыспен қарсы алып отыр. Бұл туралы кәсіпорын ұжымының кезекті жиынында атап көрсетілді.