Тәуелсіз еліміздің болашақ өрт сөндірушілерін ант қабылдауымен құттықтауға ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Валерий Петров, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Мұратбек Тақамбаев және өрт сөндіру қызметінің ардагерлері, курсанттардың туыстары мен жақындары келді.
Еске сала кетсек, Көкшетау техникалық институты Қазақстандағы өрт қауіпсіздігі саласында білікті маман -кадрлық офицерлер даярлайтын жалғыз арнайы оқу орны болып табылады. Бұл жолы салтанатты түрде ант қабылданған курсанттар төрт жылдан кейін еліміздің кез келген жеріне өртке қарсы қызметке алынып, саланың дамуына едәуір үлес қосады.