Көкшетау тұрғыны алаяққа 300 мың теңге несие алып берген

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау тұрғыны 30 жастағы алаяққа 300 мың теңге несие алып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, шілденің 25-де Көкшетауқалалық ПБ кезекшілік бөліміне 25 жастағы жергілікті тұрғын арызданып,танысының алаяқтық жолмен 300 мың теңге ақшасын иемденіп алғанын айтқан.

«Анықталғандай, зардап шегуші күдіктіменәлеуметтік желі арқылы танысқан. Өзін кәсіпкер ретінде таныстырған күдіктікеліншектен 300 мың теңге көлемінде қарызға ақша сұраған. Алаяқтың сөзіне сеніп қалған келіншек банктен несие рәсімдеген. Сөйтіп, ақша қолынатиген күдікті өзінің «демеушісімен» байланысқа шықпай қойған», - деп айттыведомстводан.

Көкшетау қалалық ПБ криминальды полиция бөлімініңқызметкерлері Щучинск қаласының осы іске күдікті 30 жастағы тұрғынын анықтапұстады. Күдікті осындай қылмысы үшін бұрын сотты болған. Күдікті қылмысын бірден мойындады.

«Қазіргі кезде күдіктіден ешқайда кетпеу жөніндеқолхат алынды. Полиция ҚР ҚК 190 бабының 1 бөлігі бойынша (алаяқтық) із қозғап,сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде», деп толықтырды ведомстводан.