2017 жылдың ақпан айында Көкшетау қаласы ІІБ кезекшілік бөліміне қала банктерінің бірінің заңгері арыз жазды. Ол банк терминалы орналасқан қала дүкендерінің бірінде белгісіз біреулердің төлем аппаратын ашып, ондағы қаражатты тонап кеткенін хабарлаған.
Шығынның жалпы көлемі шамамен 150 мың теңгені құраған. Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері қылмыскердің аты-жөнін анықтады және ұстады. Ол Көкшетау қаласының 20 жасар тұрғыны болып шықты. Тергеу жас жігіттің бірнеше рет заң бұзғанын анықтады.
Күдіктінің айтуынша, ол терезені сындырып, дүкен ішіне кірген. Көмекші құралдарды пайдаланып, екі терминалды ашқан және ақшалай қаражатты алып кеткен. Жас жігіт қылмыс жасаудағы өз айыбын мойындады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Тұтқындау» бұлтартпау шарасы белгіленді.
18:18, 26 Сәуір 2017
Көкшетау тұрғыны банктің терминалдарын ашып, ақша жымқырған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетауда жергілікті тұрғын екі банк терминалын ашып, ақшалай қаражатты жымқырған, деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.