Ведомствоның мәліметінше, маусымның 19-да Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыстық көпбейінді ауруханаға санына оқ тиіп, жараланған ер адам түскені туралы хабар келген.
«Ауруханаға барған жедел-тергеу тобы зардап шегушіден оқиғаның мән-жайын сұрап білді. Ер адамның айтуынша, ол таңғы сағат 05:00 шамасында жергілікті дүкен маңында бұрынғы танысымен арада кикілжің туындап, жарақат алған. Сол күні жедел іздестіру кезінде жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы арқылы Солтүстік Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны ұсталды» дейді ведомстводан.
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Күдіктіден травматикалық тапанша тәркіленіп, ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.