«Полиция Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының жүргізушісі әкімшілік ғимаратта дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін «УАЗ» маркалы автокөлігімен абайсызда аумаққа іргелес жатқан субұрқаққа кіріп, оны зақымдағанын анықтады», - деді ведомстводан.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.