Көкшетау университетінде «Денсаулық-2009» спартакиадасы мәреге жетті
09:11, 20 Қаңтар 2009
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Денсаулық-2009» спарттакиадасы мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Университет проректоры Аманай Сейітқасымовтың айтуынша, жылдағы дәстүрге сәйкес салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген іс шараға оқу орнының барлық ұстаздары қатысты. Олар факультеттер бойынша он командаға топтасып, сайысқа түсті. Бұл жолы физика және математика факультетінің профессор-ұстаздар қауымы алда болса, кейінгі екі орынды тиісінше әкімшілік және инженерлік факультет командалары еншіледі. Сайыс барысында спорттың денсаулыққа тигізер пайдасы, онымен жүйелі айналысу жолдары, тиімділігі жайында әңгіме өрбіп, пікір алмасу жалғасын тауып отырды. Жүзден жүйрік шыққандарға сый-сияпаттар тапсырылды.