Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан биылғы жылдың басынан бері әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың құқығы шектелгені анықталды.
«Қалалық және аудандық мәслихаттар шипажай-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті қарастырмай, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекітті. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мұқтаж адамдарға шипажай-курорттық емделуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 1479 ардагердің құқықы қалпына келтірілді», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Ақмола облысындағы 50 балабақшада санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталған болатын.