КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы тауарларының жəрмеңкесінде 118,6 миллион теңгенің өнімі саудаға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған бұл жолғы жəрмеңкеге Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Есіл аудандарының және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi қатысты.
Жәрмеңкеде азық-түлік қала базарларындағы бағадан 15-20 пайыз арзанға сатылды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.