Өңірде қатты аяздың сақталуына байланысты Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқуды жалғастыра береді, деп хабарлайды Kazinform.
«Ауа температурасының минус 25,3 градусқа төмендеуіне және жел тұруына байланысты 15 желтоқсанда Көкшетау қаласы мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өткізіледі», - делінген қалалық білім бөлімінің мәліметінде.
Еске салайық, бейсенбі, 14 желтоқсанда да Көкшетау мектептерінде бірінші және екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқыды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.