Көкшетауда 1500 оқушы бір мезетте «Бес асық» ойнады

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Көкшетау қаласында 27 мектептің 1500 оқушысы бір мезетте «Бес асық» ұлттық ойынына қатысты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара Наурызнама аясында өтіп, ел көлеміндегі осындай форматтағы ауқымды бастамалардың біріне айналды. Сондай-ақ, ол білім беру жүйесінде ұлттық құндылықтарды ілгерілету және тәрбие жұмысының мазмұнын күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі саналады.

Ақмола облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

— Бүгінде мектептерде 419 секция жұмыс істейді, онда оқушылар дәстүрлі ойындармен тұрақты айналысады. Ұлттық ойындарды қамтитын тәрбиелік шараларды ұйымдастыру ұлттық бірегейлікті нығайтудың тиімді құралы, — делінген хабарламада.

Осыған дейін ауыл мұғалімі 1500-ден астам асықтан торсық жасап шыққанын жазғанбыз.