Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Ақмола магистральдік желі бөлімшесі» филиалының жұмысшыларына 2017 жылдың желтоқсанынан ағымдағы жылдың ақпан айларында қиын метеорологиялық жағдайда немесе - 25-тен градустан төмен температурада атқарған жұмыстары үшін еңбекақыларына 15% үстемеақы төлеуі тиіс болған. Алайда бұл қаржы жұмысшыларға төленбей келген.
«Прокурорлық қадағалау шараларымен 222 теміржолшы 2 млн. теңгеден аса көлемде тиісті қаражаттарын алды. Еңбек заңнамасы мен ұжымдық шарттың талаптарын бұзғаны үшін мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапқа тартылды»,-деп хабарлады Көкшетау көлік прокуратурасы.