Көкшетауда 3 жасар сәбиді зорлаған қанішер ұсталды
16:58, 21 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Көкшетауда 3 жасар сәбиді зорлаған қанішер ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның айтуынша, 3 жасар сәбидің өгей әкесі қыздың анасынан ақша талап ету үшін алдын ала пәтер жалдап, сәбиді алдап алып кеткен. Сәбиді қайтарып беру үшін ол оның анасынан 1 мың АҚШ долларын талап еткен. Анасы қызын өзі іздеп таппаған соң, полицияға шағым түсірген. «Кейінірек анақталғанындай, 3 жасар қыздың өгей әкесі араққа сылқия тойып алып, екі күн бойы қызды зорлаған. Қанішер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, қазір тергеу шаралары жүргізілуде»,-деді департамент бастығы.