Көкшетауда 35 жастағы ер адам «қаламсап» қарумен үй терезелерін нысанаға алған

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қаламсап қарудан үй терезесіне оқ атқан 35 жастағы ер адам қолға түсті.

Бұл туралы қалалық ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша аталған «қаламсап» бір рет оқталып атылатын қолдан жасалынған суық қару болып отыр. Қару иесі тұрғын үй терезесіне оқ атқаны үшін айыпталуда.

Күдіктінің сөзіне қарағанда, қаруды Астана қаласынан тауып алған көрінеді. Үй терезесіне абайсызда оқ атып жібергенін айтуда.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.