Көкшетауда 5 жасар бала үйінен кетіп қалған
Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне қалаішілік бағыттағы №2 автобустың кондукторы хабарласқан. Оның сөзінше, жасы 4-5 шамасындағы ұл бала Застанционный (Шанхай) кентінде автобусқа отырған.
«Аталмыш бағыт бойынша Көкшетау қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкері, полиция лейтенанты Роза Шәймерденова барып, баланың ата-анасын іздестірді. Белгілі болғандай, баланың есімі Алдияр, ал анасы Салтанат. Әкесінің айтуынша, ол өзі жұмыста болған, анасы үйде болған, бала сыртта ойнап жүрген. Бала тәтесіне бармақ болып, бірінші кездескен автобусқа отырып кете барған» дейді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмауды сұрайды. Жыл басынан бері облыста жас балалардың жоғалуы бойынша 2 оқиға тіркелген.