Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын жарысқа салауатты өмір салтын ұстанған әуесқойлар мен кәсіби спортшылардан құралған 500-ге жуық адам қатысты.
Жарыс ережесі бойынша қатысушылар Абай көшесінің бойындағы Тутұғырдан бастап, Бұқпа тауының үстіне дейін 700-ден метр жолды жүгіріп өтті. Баспалдақпен тауға өрмелеп, жүгіргендер арасында кішкентай балалармен бірге қариялар да болды.
Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай ақшалай сыйлық және арнайы дипломдармен марапатталды.
«Жалпы, осындай бұқаралық спорт түрін жиі ұйымдастырып тұрған абзал. Жұртпен бірге жүгіріп қана қоймайсың, таза ауа жұтып, сергіп қаласын», - дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Абзал Құрмашев.
Айта кетейік, «Баспалдақ» жүгіру жарысы алғаш рет 1991 жылы ұйымдастырылған. Уақыт өте ескерусіз қалса, 2006 жылдан бастап Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жыл сайын өткізілетін болды. Ал, 2009 жылдан бері «Баспалдақ» халықаралық марафондар қатысушысы, ҚР спорт қайраткері Ибрагим Тиағалиевтің құрметіне арналып ұйымдастырылып келеді.