КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда 58 жастағы ер адам жетінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның болғанын растады.
«Иә, бүгін түстен осындай келеңсіз жағдай орын алды. 1964 жылы туған ер адам жетінші қабаттағы өз пәтерінің терезесінен құлап, сол жерде көз жұмды», - деді ведомстводан.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында жүк көлігінен құлаған ер адамды артқы доңғалақ жаншып кеткен болатын.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.