Көкшетауда 7 жастағы баланың үстіне белтемір құлап кетті

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудың орталық саябағындағы спорт алаңында 7 жасар баланың үстіне тренажер белтемірі құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін мен орталықсаябақта болдым. Спорт алаңында інімнің үстіне тренажер белтемірі құлады.Абырой болғанда қатты жарақат алған жоқ. Арыз жаздым. Саябақ әкімшісіне қатыстышара қолданылады деп сенемін. Бұл тренажерде оның істен шыққаны туралы ешқандайескерту белгілері болған жоқ. Тіпті, жерге байланған немесе жерге детүсірілмеген», - деп пікір білдірді бейнежазбаға тіркелуші.

Ақмола облыстықденсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 7 жасарбаланы жедел жәрдем көмек бригадасы ауруханаға жеткізіп, ондағылар балаға алғашқымедициналық көмек көрсеткен соң амбулаториялық ем қолдану үшін үйіне жіберді.Бала тек қарақұс тұсын ауыртып алған.

«Баланы травматологқарады. Оған тыныштық және тұрғылықты жері бойынша емханаға қаралу туралыұсыныс жасалды», - деп толықтырды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөзқызметіндегілер.

Ал, Ақмола облыстықПД баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға тексеру және сараптама үшінҚР ҚК 156 бабы (Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) бойынша сотқа дейінгітергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Соңғы жаңалықтар