Көкшетауда 75 келі пиротехникалық өнімдер тəркіленді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 75 келі пиротехникалық өнімдер тəркіленді , деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 12 желтоқсанынан бастап, 2017 жылдың 5 қаңтары аралығында облыс аумағында «Пиротехника» арнайы операциясы жүргізілуде. Шараның мақсаты - пиротехника өнімдерін қолдану кезінде туындайтын төтенше жағдайларды алдын алу болып табылады. 

«Полицейлер күнделікті заңсыз, рұқсат құжаттары жоқ пиротехникалық өнімдерді сатумен айналысатындарды анықтап, жолын кесу мақсатында рейдтер ұйымдастыруда.  Базар, сауда орындарына сертификатсыз өнімдерді жеткізіп берушілерді анықтау шаралары жүзеге асырылып жатыр. 



Оған қоса, полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған балалардың пиротехникалық өнімдерден зардап шекпеуіне ерекше көңіл бөлуде», - дейді əкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Аслан Қазбикенов.

Арнайы рейд барысында  Көкшетауда 75 келі пиротехникалық өнімдер тәркіленіп, ҚР ƏҚбК 196-бабы бойынша 3 əкімшілік із қозғалды. Аталған санкция бойынша айыптыларға 25 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынуы мүмкін.