«Қазгидрометтің» ескертуіне сәйкес, 29 – 30 тамызда Алматыда нөсер жауын мен бұршақ жауады. Өзен – көлдерде су деңгейі көтеріледі. Сонымен қатар су басуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Жел - солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15 метрге жетеді.
Осы орайда құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын Іле Алатауы тауларына шықпауға шақырды.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасаған болатын.