Ведомствоның мәліметінше, маусымның 10-да Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне Әуезов көшесінің «Әнел» дүкенінің тұсында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабар түсті.
«Белгілі болғандай, сол күні кешкі сағат 22:57 шамасында «Ваз-2107» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған 90 жастағы тұрғынды қағып кеткен. Ер адам түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылғанымен, алған жарақаттан көз жұмды», - дейді ведомстводан.
ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3 бөлігі (көлiк құралдарын басқарушы, тұлғаның жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, 4 маусымнан бастап Ақмола облысы аумағында жүргізілген «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы барысында жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ержесінің 448 рет бұзылғандығы анықталды.