Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығы аталып өтіледі - М. Тәжин

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Көкшетауда Абылай ханның 300 жылдығы аталып өтіледі. Бүгін Ақордада Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 3-отырысында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин осылай мәлім етті.

«5-6 қазанда Абылай ханның үш жүз жылдық тойы Көкшетауда өтетін болады. Айтулы оқиғаға қатысуға ниет білдірген Ұлттық комиссияның барлық мүшелері тізімге енгізілді. Тарих кафедралары басшыларының барлығын қамтыдық деп ойлаймын», - деді Мемлекеттік хатшы жиын барысында.

Сонымен қатар, М. Тәжин 25 қазанда Төле бидің мерейтойы Тараз қаласында атап өтілетінін жеткізді. «Төле биге арнап, Тараз қаласында ескерткіш ашылады»», - деді Тәжин.