Көкшетауда әлеуметтік бейімдеу орталығында 56 баспанасыз қамқорлыққа алынған
10:48, 23 Желтоқсан 2009
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығында қыстың алғашқы аязында жертөлелер мен жылу жүйелерінің ұңғыларын паналап жүрген 10 адам жатар орын, ыстық аспен қамтамасыз етілген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық директоры міндетін атқарушы Сәбит Шағыровтың айтуынша, елу орындық бейімдеу орнында 60-қа тарта адам қабылданған. Мұның өзі жатар керуеттің тапшылығы мен бөлінген тағамның жетіспеушілігіне әкеліп соғуда. Қақаған аязда тірі пенделерді далада қалдыра алмайсың, ал орналастыруға мүмкіндік шектеулі. Көбінің құжаттары жоқ. Тіпті ресейлік бір азамат спорттық киіммен қабылданған. Дегенмен де арнайы жасақталған орталық қандай да болмасын шарасыздықтан адамдарды ашық аспан астында, қараусыз, бақылаусыз қалдырмайтынына орталық қызметкерлері сенімді.