Көкшетауда арзан ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтеді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні Көкшетау қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын қолдау мақсатында «Сапалы және арзан» деген атаумен отандық өнімдердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жәрмеңкеге Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Жарқайың аудандары және Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Жалпы осы күні барлығы 111,1 миллион теңгеге 270 тонна азық-түлік өнімі жұртшылық назарына ұсынылмақ. Атап айту керек, жәрмеңкеде саудаланатын өнім бағасы базар бағасынан 25-30 пайыз арзан болмақ. Жәрмеңке 5 желтоқсан күні Көкшетау қаласындағы «Тәуелсіздік» алаңында және «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында өтеді.