Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
«Пушкин көшесінің Абай және Әуелбеков көшелері аралығы, яғни The Beze, «Мясорубка» дәмханасы тұсы қоршалған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, атыс болған», - делінген жазбада.
Осы оқиға бойынша ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінен сұрап білді.
«Қазіргі кезде, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, мән-жай анықталуда», - деп жауап берді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына департаменттен.