Көкшетауда әйел алтын толы сөмкесін вокзал маңындағы орындықтың үстіне қалдырып кеткен

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарты миллион теңгеден астам алтын бұйымдары салынған сөмкені иесіне қайтарып берді.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, «ұмытшақ» әйел сөмкені Көкшетау автовокзалы маңындағы орындықтың үстінде ұмытып кеткен. Абырой болғанда, сөмке табылып,ішіндегі құнды заттарына ешкім тимеген.

«Еңбекшілдер ауданының шалғай ауылынан келген әйел Көкшетау автовокзалы арқылы автобуспен Шучье қаласына жол тартқан. Асығыс автобусқа отырып кетіп қалған ол вокзал маңындағы орындықтың үстінде құны 880 мың теңгенің алтын бұйымдары салынған сөмкесін ұмытып кеткен. Әйелдің уақытында полицияға хабарласуының арқасында 2 сағаттың ішінде жоғалған зат табылып, иесіне қайтарылды. Оны тауып алған сол маңдағы дүңгіршек сатушысы болып шықты. Сөмкенің иесі жоғалған затын тез арада тауып берген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғысын білдірді», - дейді полицейлер.