Көкшетауда әйелдер командалары арасында баскетболдан Қазақстан кубогы жарысы өтеді

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Көкшетауда қыркүйектің 26-сы мен қазанның 1-і аралығында әйелдер командалары арасында 2010 жылғы Қазақстан кубогы сарапқа салынады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс өткен жылғы Қазақстан кубогында 1, 3 орындарды иеленген "Ертіс" (Павлодар) пен "Тараз"(Тараз) арасындағы ойынмен басталады. Одан кейін алаң қожайындарының "Оқжетпесі" мен "Алматы"(Алматы) өзара сайысқа түседі. Ал келесі күні алматылықтар Астананың "Жолбарыстарымен", жарыс қожайындары павлодарлықтармен кездеседі.

Былтыр әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогы додасы желтоқсанның 7-11 күндері Қостанайда өткен болатын. Онда ақтық сында астаналықтармен кездескен жарыс қожайындарының мерейі үстем шықты. Ал соңғы 2 орынды "Тараз" бен "Астана-2" командалары бөліскен еді.